Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Рейтингтік турнирде қос балуан чемпион атанды

Рейтингтік турнирде қос балуан чемпион атанды

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік турнирде қазақстандық қос балуан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтингтік турнирдің үшінші жарыс күнінде әйелдер күресінен 72 келі салмақта Жәмила Бақбергенова жеңімпаз атанды.

Бұл салмақта балуандар айналмалы жүйе арқылы сынға түсті. Жәмила Италия, Канада, Моңғолия қспортшыларын жеңіп, финалға жолдама алды.

Финалда алғашқы белдесуінде жеңген италиялық Далма Ганевамен тағы кездесіп, одан 3:1 есебімен басым түсіп, жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ал грек-рим күресінен Аманғали Бекболатов (55 келі) финалда румыниялық Денис Михайды ұтып, ел қоржынына алтын жүлде салды.

Ел құрамасынан Мұхамедали Мамырбек (63 келі) қола жүлдегер атанды.

Бүгін, 16 шілдеде балуандар грек-рим күресінен 67, 72, 77, 82, 87, 97 және 130 келіде жүлделерді сарапқа салады.

Фото: olympic.kz
16 шілде 2023 ж. 320 0