Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазалылықтар Азия чемпионы Гүлсая Ержанды құрметпен күтіп алды

Қазалылықтар Азия чемпионы Гүлсая Ержанды құрметпен күтіп алды

Таиландта бокстан өткен Азия чемпионатында ел қоржынына алтыннан олжа салып, жеңіске жеткен жерлесіміз Гүлсая Ержанды Қазалы жұртшылығы құрмет көрсетіп күтіп алды.

81 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Гүлсая Ержан финалдық кездесуде украиналық боксшы Карина Айрепитянды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Жерлесімізді аудан әкімінің орынбасары Болат Жолтаев бастаған бірқатар азаматтар күтіп алып, Тәуелсіздік күні қарсаңында алған бұл жеңіс үлкен тарту болғанын айтып, ел мерейін өсіргенін айтты. Сөз соңында Гүлсая Ержанға ерекше алғысын білдірді.

Шара соңында қазалылық жанкүйерлер чемпионмен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

15 желтоқсан 2024 ж. 327 0