Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Албания астанасы Тиранада олимпиадалық емес салмақтарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов алтын жүлде еншіледі, деп жазады Egemen.kz.

Нұрқожа Қайпанов 70 келіде біріншіліктің финалдық бәсекесінде жапон балуанынан басым түсті. 

Отандасымыз финалға дейінгі белдесулерінде, 1/16 финалда  Митчелл Луис Файнсильверді 9:0 есебімен жеңсе, 1/8 сынында Николай Грахмезді 14:2 ұпайымен тізе бүктірді.

1/4 финалда  Акаки Кемертелидзені 12:2 есебімен қапы қалдырса, финал жолдамасы берілетін жартылай сында Абділмажид Кудиевтен 13:2 нәтижесімен айласын асыра алды. 

26 жастағы жерлесіміз 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының финалында бақ сынап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, жерлестеріміз үшін әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 3 бірдей балуанымыз әлем біріншілігінің финалында белдесіп,  2 алтын, 1 күміс еншіледі.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
01 қараша 2024 ж. 174 0