Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дзюдодан әлем чемпионаты: Екі спортшы қола жүлде иеленді

Дзюдодан әлем чемпионаты: Екі спортшы қола жүлде иеленді

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан командасы аталған турнирде екі жүлдеге қол жеткізген. 

Атап айтқанда, қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар (60 келіге дейінгі салмақта) мен Азат Күмісбай (81 келіге дейінгі салмақта) қола жүлдегер атанды. 

Жалпы есепте отандық құрама 15-орынға табан тіреді. Бірінші орынды 6 алтын, 5 күміс және 1 қола алған Жапония құрамасы иеленді. 

Фото: ҰОК
07 қазан 2024 ж. 279 0