Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Үстел теннисі: Ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді

Үстел теннисі: Ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді

Үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер командасы жартылай финалға жете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауд Арабиясын 3:0 есебімен жеңген Қазақстан спортшылары ширек финалда Үндістан өкілдерімен шеберлік байқасқан еді.

Кирилл Герасименко екі ойында жеңіліс тапса, Алан Құрманғалиев ел құрамасына бір жеңіс сыйлады. Ал Айдос Кенжеғұлов қарсыласына есе жіберіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен Үндістанға жол беріп, жартылай финалдан тыс қалды. Алайда, отандық спортшылар енді 5-8 орындар үшін бақ сынайды.

Еске салайық, Астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында 7 қазан күні басталған Азия чемпионатында 26 елден келген 210 спортшы бақ сынап жатыр.

Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы
10 қазан 2024 ж. 236 0