Облыс біріншілігінен – бірнеше жүлде
Жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасында грэпплингтен облыс біріншілігі өтті. Сайысқа қатысушылар грэпплингтің ги және ноуги түрінен бақ сынады. Жасөспірімдерді саламатты өмір салтын сақтауға насихаттайтын біріншілік «Нашақорлыққа жол жоқ», «Есірткісіз болашақ» ұрандарын арқау етті.
– Облыстық біріншілік жоғары деңгейде өтті. Біздің ауданның намысын Тереңөзек кентінің және Ақжарма, Нағи Ілиясов ауылдық округтерінің спортшылары жоғары деңгейде қорғады. Спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде болды деп айта аламыз. Жаттықтырушылардың еңбегі еленіп, бірқатар спортшымыз жүлделі орындармен марапатталды. Әр түрлі салмақ дәрежесі мен жас ерекшелігіне орай орындар бар. Қанжығамыз майланды десек те болады. Сайыс қорытындысы бойынша тоғыз оқушымыз Қазақстан чемпионатына жолдама жеңіп алды. Ел біріншілігі Талдықорған қаласында өтеді деп жоспарлануда, – дейді жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген жаттықтырушы Бағлан Мығымбаев.
Облыстық біріншілік қорытындысына сәйкес, жерлестеріміз марапат биігінен көрінді. Атап айтар болсақ, грэпплинг гиден 2012-2013 жылы туғандар арасында 27 келі салмақ дәрежесі бойынша Дәулет Берікұлы 3-орынды, дәл осы спортшы 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында 1-орынды жеңіп алған. Ал 30 келі салмақта Алихан Балғабай 3-орынды, 42 келі салмақта Нұрислам Найманов 1-орынды, 46 келі салмақта Асылжан Қайратұлы 3-орынды, 50 келі салмақ дәрежесінде Ернат Әләйдаров пен Мұхаммедәли Алдаберген 1-орынды қанжығаға байлаған. 2008-2009 жылы туғандар арасында 38 келі салмақта Айсұлтан Батырбек 3-орынды иеленсе, 42 келі салмақ дәрежесінде Мағжан Кеңес 1-орынды, 54 келі салмақта Сағындық Тұрғанбай 3-орынды жеңіп алған. 2006-2007 жылғылар арасында 63 келі салмақта Зинолғабиден Кеңесов 1-орынды, Әли Ешмұратов 2-орынды еншілеген. Ересектер арасында 100 келіден асатын салмақ иелері арасында Нұрдәулет Карбозов 1-орынды жеңіп алды.
Ал грэпплинг ноу түрінен 2014-2015 жылы туғандар арасында 28 келі салмақ дәрежесінде Айбар Марат 2-орынды, 32 келіде Нұртуған Советбек 2-орынды, Бекзат Беркінбай 3-орынды тақымға басты. 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасында 27 келі салмақта Дәулет Берікұлы 2-орынды, 45 келі салмақта Нұртөре Сабыржан 2-орынды еншіледі. 2010-2011 жылғылар арасында 27 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Берікұлы 1-орынды, 30 келіде Алихан Балғабай 2-орынды, 42 келіде Нұрислам Найманов 3-орынды, 44 келіде Айбар Ғабидоллаұлы 3-орынды, 46 келіде Асылжан Қайратұлы 2-орынды, 50 келіде Ернат Әләйдаров 1-орын және Мұхаммедәли Алдаберген 2-орынды, 60 келі салмақта Нұрислам Болатұлы 2-орынды жеңіп алған. Сондай-ақ 2008-2009 жылы туғандар арасында 42 келі салмақта Мағжан Кеңесов 1-орын және 54 келі салмақта Ерасыл Жұмағазы 2-орынды, 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 63 келі салмақта Зинолғабиден Кеңесов 2-орынды, Әли Ешмұратов 3-орынды иеленді. Ересектер бойынша Нұрдәулет Карбозов өз салмағы бойынша 3-орынды жеңіп алған.
Байқап қарасақ, бір спортшы грэплингтің ги және ноу түрінен де жүлделі орындарға ие болған. Жан-жақты әрі аудан намысын қорғап жүрген жас спортшыларымызды жаттықтырушылар Д.Кеңесов, М.Мұхаметқалиев, Б.Мығымбаевтар жаттықтырып, додаға қосқан.
А.МҰХАНБЕТҚАЛИ