Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балуандар барын салады

Балуандар барын салады

Астанадағы Дүние­жүзілік көшпелілер ойын­дарында 89 мемлекеттен келетін қа­тысушылар 21 спорт түрінен тартысқа түседі. Ең көп медаль жиынтығы күрес түр­леріне бөлініп отыр,деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ күресінен бал­уан­дар 16 салмақта (8 ер, 8 әйел) белдесу­ге шығады. «Qazaq kuresi» ассо­циациясының бас дирек­торы Дамир Бекбосынов балуандар жанкүйер үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

«Дүбірлі додада балуанда­рымыз барын салады деп үміт­тенеміз. Оқу-жаттығу жиы­ны бірнеше мәрте ұйымдас­тырылды. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып, құ­рама мүшелері алаңсыз әзір­лік жүргізді. Дүниежүзілік көш­пелілер ойындарында қазақ кү­ре­сінен сынға түсетін ерлер мен әйелдер құрамасын іріктеу тек Қазақстан чемпионатымен шектелген жоқ, басқа да айтулы додаларда жарқырап көрінген үздіктерге сенім артып отырмыз. 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткен көшпелілер ойындарында төл күресімізден чемпион атанған балуандар да – қатарымызда. Одан бөлек, «Қазақстан барысы» сынды республикалық, халықаралық турнирлерде дараланған дарабоздар да белдесуге түседі. Күрес түрлерінен елуге тарта мемлекеттен балуандар қатысады деген жоспар бар. Қарсыластың қай-қайсысы да осал емес. Әсі­ресе Өзбекстан, Грузия, Моң­ғолия, Ресей елдерінен келетін құрамалардың сапында дзюдо күресінен Гран при, Гранд слам сынды дақпырты да, даңқы да әлем чемпионатынан кем соқпайтын додаларға топ жарған үздіктер де қатысуға ықылас танытып отыр. Ұлттық құрама мүшелері бірнеше күн бұрын Астана қаласына келіп, ауа райына бой үйретіп, сайыс өтетін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының аурасын сезініп, қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Қазақ күресінен балуандарымыз тоғыз салмақта чемпион атанудан үмітті. Әрине, өзге салмақта да жеңіске жетсе, мәртебеміз биіктей түсетіні анық. Бірақ қашанда «арық сөйлеп, семіз шыққан» орынды», деді Д.Бекбосынов.

Қазақ күресінен ұлттық құ­рама балуандары 16 салмақ бо­йынша сарапқа салынатын медальдар жиынтығында 9 алтын олжалау міндеттемесін арқа­лап отыр. Бас бапкер Ғани Кел­діқұлов құрама мүшелерін жасақтауда бәсекелестіктің жоғары болғанын атап өтті.

«Қазақ күресі төл өнеріміз болғандықтан, елімізде кең қанат жайып, шұғылданушылардың да қатары артып келеді. Сол себепті де Дүниежүзілік көш­пелілер ойындарына қатысатын құрама мүшелерін жасақтауда таңдау оңай болмады. Тіпті кейбір салмақ дәрежесінде бір­неше балуанды өзара белдес­тіріп те әлеуетін сынап көрдік. Этноспорт Олимпиадасы деп те айтылатын көшпелілер ойындарында еліміз балуандардан толайы­м жеңіс күтеді. Қар­сыластар да Ас­танаға ел көріп, жер шалу үшін келмейтіні бел­гілі. Десе де төл күресімізден олжа салуда аянып қалмаймыз», деді Ғ.Келдіқұлов.

Екі жыл бұрын Түркияда өткен IV Дүниежүзілік көшпелі­лер ойындарында спортшыларымыз осы қазақ күресінен орасан табысқа кенелген еді. Сол сында қарсыластарын айқын ұтып, чемпион атанған Зарина Сарипова да Астана төрінде сайысқа түседі.

«Дүниежүзілік көшпе­лілер ойындарының екі дүр­кін жеңімпазы атансам дей­мін. Әрине, өз елімізде, жан­күйер­­лердің алқауымен өтетін ала­манда алтын медаль ие­лену – бәрінің арманы. Қарсы­ластардың қай-қайсысы да осал емес. Бапкерлердің тыңғылықты дайындық жүргізуінің нәти­жесінде бабымызға еніп, қоры­тынды жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз», деді чемпиондық атақтан басты үміткердің бірі бал­уан қыз.

Қырғыздың алыш белбеу күресінен де балуандарымыз сайысқа түседі. Осы спорт тү­рінен ұлттық құраманың бас бапкері Секен Қалиев 12 сал­мақ дәрежесінде күресетін шәкірт­тері кемінде 2 алтын медаль ол­жалауға қауқарлы екенін жеткізді.

«Дүниежүзілік көш­пелілер ойындарын қыр­ғыздар 2014 жылдан бастап ұйым­дастырып, әлемдік деңгейге көтерді. Өзде­рінің алыш белбеу күресінен жеңісті оңайлықпен бермейді. Даңқы жоғары додаға қатысатын бал­уандарды ел біріншілігінде ірік­теп алдық. Қыздар бәсе­ке­сінде 6, ерлер сынында 6 ба­л­уанға сенім артып отырмыз. Оқу-жаттығу жиыны да жүйелі жүргізіліп, спортшылардың физикалық әлеуетін арттыруға баса көңіл бөлінді. Қазір енді дода алдындағы қорытынды жиын­да тактикалық дайындыққа да күш салып келеміз. Құрама сапында алыш күресінен Азия чемпионатында жеңіске жеткен, Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында алтын медаль иеленген саңлақтарымыз да бар. Сол биігімізден төмендемеу үшін тынбай еңбектенеміз», деді бапкер.

Түріктің ашыртмалы аба күре­сінен сынға түсетін балуан­ның бірі Марат Нығматуллаев бауырлас халықтың төл спор­тының артықшылығы көп екенін айтады.

«2022 жылы өткен көшпелі­лер ойындарында екі күрес түрінен белдесуге түстім. 60 кг салмақта қазақ күресінен чем­пион атандым. Ал түріктің күресінен бағым жанбады. Себебі тәжірибеміз тым толым­сыз болды. Қазақ күресінен айырмашылығы да көп, ережесі де өзгеше. Төреші тиынмен жеребе тастайды. Кімге түседі, сол алдымен қарманады. Баса мән беретін жайт, белбеу­ден ұстаған қолың босамауы керек. Егер күрес кезінде қолың қар­сыластың белбеуінен сусып кетсе, жеңіліс жазылады. Екі жылдан бері кәдімгідей төселіп, қыр-сырын да игеріп қалдым. Бұл күрес түрінен түрік балуандары көшбасшы саналады. Бірақ бәрін кілемдегі белдесу анық­тайды», деді білікті балуан.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
06 қыркүйек 2024 ж. 320 0