Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсетті»: Головкин Нұрбек Оралбайды жүлдесімен құттықтады

«Жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсетті»: Головкин Нұрбек Оралбайды жүлдесімен құттықтады

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Нұрбек Оралбайды Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық Олимпиада комитеті мен жеке өз атымнан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін барша Қазақстан азаматы Сізбен бірге шаршы алаңда болды десек, артық емес. Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат. Сіз жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттіңіз. Сонымен қатар Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты да құттықтаймын! Ол шәкіртін Олимпиада тұғырына алып келген мықты маман екені анық. Сіздердің алғашқы Олимпиадаларыңыз спорттық мансаптарыңыздың тек бастамасы болсын. Жеңісіміз арта берсін, еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!», деді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Фото:olympic.kz
08 тамыз 2024 ж. 207 0