Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин тағы бір халықаралық міндет атқаратын болды

Геннадий Головкин тағы бір халықаралық міндет атқаратын болды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 Комисиясының мүшесі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бах Қазақстан ҰОК-не жазған ресми хатта мәлімдеді.

«Сізді Комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін Сізге алдын ала алғыс білдіремін», делінген хатта.

ХОК комиссияларын оның президенті Томас Бах құрады және ХОК-тың қызметін үйлестіріп, стратегияларын жасақтап, сондай-ақ шешім қабылдау үшін ұйымның Атқару комитеті мен жұмыс сессияларына ұсыныстар енгізетін ХОК-тың жұмыс органдары болып саналады.

Olympism 365 комиссиясы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейту үшін жұмыс істейді.

Olympism 365-тің басым бағыттары: халықтың денсаулығы мен дене шынықтыру белсенділігін жақсарту, әділеттілік, қауіпсіздік және инклюзивтілік қағидаттарын нығайту, бейбітшілікті сақтау және білім беру, спорттың әлеуметтік мәні мен олимпиада принциптерін сақтау.

Комиссия құрамына ХОК мүшелері, Олимпиадалық қозғалыстағы танымал функционерлер, сондай-ақ Иорданияның тақ мұрагері, ханзада Фейзал Әл Хуссейн, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының президенті Себастьян Коэ, Катар ҰОК президенті, шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл Тани және белсенді спорт қайраткерлері мен танымал олимпиадашылар кіреді.

30 мамыр 2024 ж. 163 0