Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиадада бақ сынайтын ең жас спортшы кім

Олимпиадада бақ сынайтын ең жас спортшы кім

Төртжылдықтың басты додасына қатысатын ең жас және ең егде спортшылар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Championat мәліметінше, Олимпиаданың ең жас спортшысы - Қытай өкілі. Жасы небәрі 11-де. Скейтбордшы қыз Чжэн Хаохао 2021 жылы 8 жасында Қытайдың ұлттық ойындарына қатысып, 14-орын алған. Ал 2023 жылы Будапештте өткен іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған екен.

Ал ең егде қатысушы - 65 жастағы испаниялық Хуан Антонио Хименес Кобо. Ол Париж-2024 ойындарында ат спортынан бақ сынамақ.

Фото: b1rinshibol инстаграм
26 шілде 2024 ж. 209 0