Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 56 газет

16 шілде 2024 ж.

№ 55 газет

13 шілде 2024 ж.

№54 газет

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Лицензиялық турнир: грек-рим күресінен екі балуан бақ сынайды

Лицензиялық турнир: грек-рим күресінен екі балуан бақ сынайды

Стамбұлда күрес түрлерінен өтетін олимпиадалық іріктеу турнирінде Қазақстан сапынан бақ сынайтын екі балуанның есімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүбірлі додаға 67 келідегі салмақта Дінмұхаммед Қошқар және 97 келіде Юсуф Мациев қатысады. Бұл туралы Kaz_wrestling телеграм-арнасынан мәлім болды.

Париж Олимпиадасына жолдама үлестіретін әлемдік іріктеу бәсекесі мамыр айының 9-12 күндері өтеді. Аталған жарысқа еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі құрамалары қатысады.

Айта кетсек, әзірге ұлттық құрамада 4 жолдама бар: бұған дейін грек-рим күресі балуандары Бішкекте өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде 3 жолдамаға ие болған. Жолдамаға Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қол жеткізген. Сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жолдама жеңіп алған еді.

Фото: olympic.kz
29 сәуір 2024 ж. 134 0