Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ламин Ямаль әлемдегі ең қымбат футболшылар қатарына енді

Ламин Ямаль әлемдегі ең қымбат футболшылар қатарына енді

Каталондық «Барселона» мен Испания құрамасының 17 жасар вингері Ламин Ямаль Transfermarkt нұсқасы бойынша бағасы қазір 100 миллион еуродан асатын ең жас футболшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Испания құрамасының талантты ойыншысы 2024 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін бірден 30 миллион еуроға қымбаттап, қазір 120 миллионға бағаланған.

Сонымен қатар Ямаль сайт тарихындағы құны 100 миллионнан асатын алғашқы жас футболшы болды.

Сондай-ақ Ламинмен бірге бірқатар жас футболшының трансферлік құны Еуро-2024-тен кейін қымбатқа бағаланып отыр. Олардың ішінде түрік футболшысы Арда Гүлер мен неміс шабуылшысы Жамал Мусиала бар.

Бұған қоса, Ламин Ямальдың агенті, португалдық Хорхе Мендеш соңғы уақытта, әсіресе Еуро-2024 кезіндегі күшті көрсеткіштеріне байланысты клиентінің жалақысын көтеруді талап етіп отырғандығы хабарланған.

Еске сала кетейік, жақында «Барселонаның» 17 жастағы вингері Ямаль Еуропа чемпионатының үздік жас футболшысы жүлдесін алған еді. Сондай-ақ ол Германияда бірден екі әлемдік футбол рекордын жасады.

Фото: transfermarkt_officia
19 шілде 2024 ж. 103 0