Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Париж-2024: Армия спортшылары 20 жолдама жеңіп алды

Париж-2024: Армия спортшылары 20 жолдама жеңіп алды

Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық спорт клубының саңлақтары Олимпиадада спорттың он түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бокстан лейтенант Сәкен Бибосынов, мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Мұхаммедсабыр Базарбайұлы және Қарулы күштердің қызметшісі Махмұд Сабырхан, грек-рим күресінен кіші сержант Айдос Сұлтанғали, қатардағы жауынгер Әлімхан Сыздықов, Қарулы күштердің қызметшілері Демеу Жабраев пен Нұрсұлтан Тұрсынов, спорттық гимнастикадан – ҚК қызметшілері Нариман Құрбанов, заманауи бессайыстан – ҚК қызметшісі Елена Потапенко, оқ атудан – кіші сержант Әсем Орынбай және ҚК қызметшісі Ислам Сәтбаев, тхэквондодан – ҚК қызметшілері Сомирхон Абабакиров және Батырхан Төлеуғали, спорттық альпинизм бойынша – ҚК қызметшісі Әмір Маймұратов, бадминтоннан – ҚК қызметшісі Дмитрий Панарин, дзюдодан – аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев, қатардағы жауынгерлер Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және ҚК қызметшісі Кәмила Берліқаш, байдарка есуден – ҚК қызметшісі Сергей Токарницкий Олимпиада ойындарына аттанып, жүлделі орындарға таласады.

Айта кетсек, әскер спортшылары 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына 8 лицензия алса, 2021 жылы Токиоға – 18, ал биыл Парижге – 20 лицензия жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубында 20-ға жуық спорт түрі кең дамып келеді. 180-нен аса армиялық саңлақ бірнеше спорт түрінен ұлттық құрамаға енген. Жыл басынан бері армия қоржынына 204 медаль салынған: оның – 91-і алтын, 52-сі күміс, 61-і қола.

Фото: gov.kz

09 шілде 2024 ж. 199 0