Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді

Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды.
Матч 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Рыбакина 5 рет эйс жасап, 11 брейк-пойнттың тек біреуін пайдалана алды.
Қазақстандық теннисші Miami Open турнирінің финалында ойнағаны үшін 650 ұпай алады. Жаңарған әлемдік рейтинг кестесінде Елена 4-орында қалады.
31 наурыз 2024 ж. 82 0