Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бокстан жазғы Спартакиада: Жеті салмақтың нәтижесі белгілі

Бокстан жазғы Спартакиада: Жеті салмақтың нәтижесі белгілі

Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 7 салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

48 келі салмақ дәрежесінде Ақмола облысының  боксшысы, әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов ширек финалда  Түркістан облысының үміті  Равшан Тұрақұловты жеңді. Бұл салмақта жартылай финалға  Ернар Қарап (Абай облысы),  Асхат Жүсіпов (Астана қаласы),  Ернұр Қайрат (Алматы қаласы) өтіп, Спартакиаданың кем дегенде қола  медалін олжалайтын мүмкіндікке ие болды.   

54 келі салмақта Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы),  Тимур Қабдешов (Ақмола облысы), Кенже Мұратұлы (Алматы облысы),  Дәулет Молдашев (ШҚО) жартылай финалға өтті.

60 келіде  Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы),  Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы),  Алмат Әбдуәли (Жетісу облысы),  Руслан Күзеубаев (Абай облысы)  жартылай финалда жекпе-жекке түседі.

67 келіде әлем чемпионатының  күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы),  Атырау облысының боксшысы  Бекболат Құрамысовты айқын басымдықпен жеңген Қостанай облысының боксшысы  Елнұр Сүйінбай  осы салмақтың  көшбасшысы атануға үмітті екенін аңғартып жартылай финалға өтті. Бақтияр Смағұлов (Павлодар облысы),  Рахат Сейітжан (Маңғыстау облысы) жартылай финалға жетті.

75 келі салмақ дәрежесінде   Нұрқанат Райыс (Атырау облысы) Абай облысының боксшысы  Мақсат Өтегеновті 2-раундта айқын жеңді.  Нұрқанаттан бөлек жартылай финалда  Тимур Нұрсейітов (Ұлытау облысы),  Азамат Бектас (Қызылорда облысы), Диас Молжігітов (Жамбыл облысы)  жекпе-жекке түседі.

86 келіде  Шаймұрат Құсайынов ( Павлодар облысы),  Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы),  Бекзат Таңатар (Шымкент қаласы), Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы) Спартакиаданың алтыны үшін жарысты жалғастырады. Аса ауыр салмақта (+92 келі)  кәсіпқой бокста бағын сынап шыңдалған Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы)  Павлодар облысының алыбы Олжас Бұқаевқа есе жіберіп медальдан қағылды. Жартылай финалға Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы),  Дамир Тойбай (Алматы қаласы),  Аманат Сабырғали (Атырау облысы) шықты.

Бүгін қалған алты салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық  айқас өтеді. 

Фото: boxingkazakhstan
17 қараша 2023 ж. 82 0