Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Азия ойындарының қорытындысы бойынша 11-орынды иеленді

Қазақстан Азия ойындарының қорытындысы бойынша 11-орынды иеленді

Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша 11-орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 80 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.

Жүлде саны бойынша бірінші орынды Қытай, екінші Жапония және үшінші орынды Оңтүстік Корея алды.

Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасынан үздік ондыққа тек Өзбекстан ілінді, олар бесінші орында тұр.


08 қазан 2023 ж. 110 0