Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды
Азия ойындарында триатлоннан ел намысын қорғаған Аян Бейсенбаев күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақ жанкүйерлері спорттың бұл түрінен жүлде күтпегені рас. Бірақ дүбірлі додада намысқа тырысқан Аян Бейсенбаев Азиаданың күмісіне қол созды. Ол жүзу, веложарыс және жүгіруді 1:50:38 уақыт көрсеткішінде аяқтады. Аян Азия ойындарының чемпионы атанған жапондық Джампей Фуруядан 55 секундқа қалыс қалды. Үшінші орында – қытайлық Мингсю Ли. Тағы бір қазақстандық спортшы Максим Крят 11-орынға тұрақтады.
www.24.kz
Пікір 2