Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазақстандық парадзюдошылар Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Қазақстандық парадзюдошылар Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Астанада парадзюдодан Азия чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті. Сайысқа 11 елден 100-ден астам спортшы J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте 2-орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азия чемпионатының жекелей жарыстары бойынша медаль кетесіндегі үздік үштік келесідей:

Өзбекстан – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола;
Қазақстан – 4 алтын, 4 күміс, 6 қола;
Иран – 3 алтын, 2 қола.

Атап айтқанда Даяна Федосова (-57кг, J2), Ерғали Шамей (-73кг, J1), Альфия Тілекқабыл (-57кг, J1) және Жанбота Аманжол (-90 кг, J2) чемпион атанды. Күміс медаль алғандар қатарында Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2), Ерлан Конкиев (+90 кг, J2), Бауыржан Арыстанбеков (-90 кг, J1) және Ғалымжан Смағұлұлы (-90 кг, J2) бар. Олжас Оразалы (-73 кг, J2), Динара Куджулова (-70 кг, J1), Зәуре Айтек (+70 кг, J1), Талғат Ажғалиев (+90 кг, J2), Ерлан Өтепов (+90 кг, J1), Дилором Диханова (-57 кг, J1) қола медаль еншіледі.
30 сәуір 2023 ж. 326 0