Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Жүсіпбаев – Сырдария барысы

Данияр Жүсіпбаев – Сырдария барысы

Спорт күні қарсаңында «Мансұр» спорт клу­бында қазақ күресінен жастар арасында «Сырдария барысы» турнирі өткізілді. Турнирге аудан әкімі Б.Сәрменбаев, спорт саласының ардагерлері мен жастар көрермен ретінде қатысты.

Турнирге қазақ күресінен аудан намысын қорғап жүрген 12 жас пал­уан қа­ты­сып, боз кілемде өзара тартысқа түсті. Іс-шара саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлеріне баулу мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Турнирге қатысқан жас палуандардың арасынан жеңімпаздар анық­талды. Жүлде­герлер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл жолы бабы мен бағы ұштасқан Данияр Жүсіпбаев «Сырдария барысы» атан­ды. Екінші орын Шоқан Уәлихановқа бұйырса, үшінші орын тұғырынан Ерсұлтан Жақсымбетов көрінді. Спортшыларды марапаттаған аудан басшысы жеңімпаздарды құттықтап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектестігін біл­дірді. Сондай-ақ спорт саласын дамыту бағытында нақты жұмыстар атқарылып жат­қанын айтып, алдағы уақытта да кең көлемді қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
19 тамыз 2023 ж. 131 0