Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Асқардағы аяқ доп шеберлері

Асқардағы аяқ доп шеберлері

Ауданға қарасты Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұсынысымен 12 тамыз –  Халықаралық жастар күні мерекесіне орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Мереке қарсаңындағы аталған шағын футбол жарысын ауылдық округі әкімі аппараты ұйымдастырып, "Береке" шаруа қожалығы қолдау білдірді.

Ауыл жастары өз қатарларымен команда жасақтап, спорттық шараға қатысу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырды. Бос уақытын тиімді пайдаланды десе де болады.

Аталған жарыстың жеңімпаздарын ауыл әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Жүсіпов марапаттап, 1 орынға - 30 000 теңге, 2 орынға - 20 000 теңге, 3 орынға - 10 000 теңге және үздік қақпашы мен үздік шабуылшыға - 5 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарды табыстады.

Айта кетейік, ауыл жастары ауылдық округі әкімі аппараты мен "Береке" шаруа қожалығына алғыс білдіріп, осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да жиі болса деген ұсыныстарын білдірді.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
07 тамыз 2023 ж. 244 0