«Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі жалғасуда
Ауданға қарасты Аманкелді ауылында республикалық «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі өтті.
Аталған іс-шараға облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Е.Сисенбиев пен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Абдрасилов қатысып, жеңімпаз жастарды марапаттады.
Аталған іс-шараға облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Е.Сисенбиев пен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Абдрасилов қатысып, жеңімпаз жастарды марапаттады.
Аудандық жастар ресурстық орталығы және ауылдық округі әкімі аппараты мен ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен жылжымалы жәрмеңкеге ауданнан тиісті сала мамандары қатысып, ауыл жастарына кеңес берді. Және де кітап көрмесі, сурет көрмесі, ұлттық нақыштағы киіз үй көрмесі қойылып, жастар назарына ұсынылды. Шара барысында гір тасын көтеру, үстел теннисі, қол күрестен спорттық сайыстар өтіп, өзара мықтылар анықталды.
Жылжымалы жәрмеңке аясында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, 2,5 пайызбен шағын несие, құқықтық кеңес бойынша бағыт-бағдар берілді. Шараға 70-ке жуық ауыл жастары мен тұрғындары қатысты.
Айта кетейік, «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп жатыр.
Алдағы уақытта, жылжымалы жәрмеңке Шаған ауылдық округінде жалғасатын болады.