Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицей қыз Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қызылордалық полицей қыз Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

14 – 17 шілде күндері Астана қаласында «Beeline Arena» спорт кешенінде ересектер арасында Белбеу күрес спорт түрінен Әлем чемпионаты өтті. Ол сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам мықты деген спортшылар қатысып, бақтарын сынады, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым Бахытқызы +76 кг салмақ дәрежесінде бақ сынасты. 

Полицей қыз 5 елдің спортшыларымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті. Бұл аламанға қатысқан полицей қыз Арайлым ел намысын абыроймен қорғады. 

Осылайша, дзюдодан және самбодан спорт шебері, Белбеу күресінен ҚР спорт шебері полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым Бахытқызы Халықаралық спорт шебері атағын иеленді. 

Ерлер арасындағы медальдар жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі. Жарыс қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.

Айта кетейік, бұл жарыс елімізде төртінші рет өткізілгелі отыр. Осыған дейін Астана 2007, 2012, 2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионатын қабылдаған болатын.


Фото: polisia.kz
17 шілде 2023 ж. 288 1

Cecile от 9 маусым 2025 01:31
Wonderful info Kudos! meilleur casino en ligne You actually revealed that very well. casino en ligne francais Many thanks. A good amount of posts! casino en ligne You actually revealed it adequately. casino en ligne fiable Thank you, Terrific stuff. casino en ligne France Useful stuff Thank you. casino en ligne fiable Kudos, Very good information. casino en ligne fiable Awesome postings, Cheers! casino en ligne Excellent facts With thanks! meilleur casino en ligne With thanks. Helpful stuff. casino en ligne