Чемпионаттан қос қола
Шіркейлілік спортшы Үсен Маханбетов жақында жақсы жаңалығымен бөлісті. Бапкер баптаған жас шахматшы Сабина Абылай Алматыда өткен ҚР балалар мен жасөспірімдер чемпионатына қатысып, спорттың екі түрі классика мен блицтен 2 қола медаль жеңіп алғанын сүйіншілей келіпті.
Сырдария ауданының №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Сабина 5 жастан бастап шахмат бөліміне қатысады. №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей базасындағы үйірмеге дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ү.Маханбетов жетекшілік етеді. Үйірмеде барлығы 18 бала жаттығып, түрлі спорттық додаларға қатысуда. Бағы мен бабы келіскен 8 жастағы спортшы Сабина Абылайды бапкері алдымен облыстық додаға қатысып, облыс чемпионы атанғаны айтады.
– Қазір балалардың арасында шахматқа қызығушылық танытып, ел чемпионатында бақ сынап жүрген спортшыларымыз бар. Араларынан 4 спорт шеберлігіне үміткер, 2 бірінші разрядты спортшы шықты. Сабина 6 жасында Түркістан қаласында өткен республикалық турнирде классика мен блицте жақсы ойын өрнегін көрсетіп, екі қола медаль жеңіп алған болатын. Міне, биылғы жылы ел чемпионатында да жақсы нәтижемен шықты. Алдағы уақытта шілде айында Қырғызстанда өтетін Батыс Азия чемпионатында бақ сынайтын болады, – дейді бапкері Үсен Маханбетов.
Ел чемпионатында 1156 жас спортшы қатысқан додадан жүлдегер атанып келген Сабина шахматта үздік ойнаумен қатар, сабағын да үздік оқиды.
Айту керек, биылғы жылдың өзінде 3 чемпион шығарған бапкер Үсен Маханбетов Семей қаласында мұғалімдердің арасында «Спорт жұлдыздары» журналының ұйымдастыруымен өткен республикалық турнирде шахматтан бірінші орын алып, ел мерейін асырған болатын.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ