Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали Азия чемпионы атанды
Kyzylorda-news.kz. Индонезияның Соло қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында Сыр спортшылары 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.Дүбірлі додаға сырбойылық жас Сұлтан Аманжол да қатысып, шеберлігін шыңдады.
Айта кетейік, Қазақстанның атынан қызылордалық шахматшылар ғана өнер көрсетіп, ел қоржынына 3 медаль салды.
Ағымдағы жылдың қазан айында Үндістанда өтетін Əлем чемпионатына жастар арасында Əсел Серікбай мен Назерке Нұрғали, жасөспірімдер арасында Сұлтан Аманжол шеберлік байқасады.
Қызылордалық шахматшыларды жарысқа Василий Шимелков пен Риза Қошқарова дайындады.












