Әлем чемпионы жерлестерімен кездесті
Кеше N137 орта мектебінде ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қобланов Бейбітжан Әмірханұлымен «Біздің чемпион» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу кеше өткізілді.
Кездесуді жүргізген 10 сынып оқушысы, мектеп парламенті мүшесі, мектеп бойынша спорт министрі Сәбит Әділжан кеш қонағы Қобланов Бейбітжанның спортта жеткен жетістіктерін бейне ролик және слайд арқылы таныстырып өтті.
Кеш барысында мектеп оқушылары сан түрлі спорт түрінен сахналық қойылымдар қойды. Сонымен бірге сұрақ-жауап, пікірталас айдарында оқушылар әлем чемпионына көкейдегі сауалдарын қойды. Негізінен, Бейбітжан Қобланов аталған спорт түріне 2018 жылы келген. Бірнеше жыл ішінде спортшының Қазақстан, Азия, Әлем чемпионы болуы қаншама дайындық пен төккен тердің, шыдамдылық пен төзімділіктің арқасы екендігіне көз жеткіздік.
Айта кету керек чемпионымыз өткен аптада Қызылорда қаласында "Еуразия" спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен "ORDA ZHEKPE-ZHEK CHAMPIONSHIP" атты Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан қатысқан кәсіпқой спортшылармен өткен халықаралық турнирде Өзбекстан чемпионын айқын басымдық пен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Кездесу соңында ауыл әкімі Бекзат Сәбитұлы чемпионға жүрек жарды лебіздерін білдірсе, орта мектеп басшысы Бағдат Мансұрұлы құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлық табыстады.