Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық турнир қорытындыланды

Халықаралық турнир қорытындыланды

Ауданда мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алу­ға арналған волейболдан жасөс­пірімдер арасында ха­лықаралық тур­нир жалауын жел­бірет­кен болатын. Жас спорт­шылар 3 күн бо­йына өзара тартыс­ты кездесулер өткі­зіп, турнир өз мәресіне жетті.

Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген жарысқа 22 команда бойынша 250-ден аса спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қата­рында көршілес мемлекеттің Грозный қаласынан және ел аймақтарынан келген волейболшылар кіл мықтыда кім мықтыны анықтады. Айта ке­тейік, аудан намысын қорғаған жас спортшылар алғашқы кездесуден-ақ жарысты жеңіспен бастап, топтық турнирде қарсыластарына есе жібермеді. Нәтижесінде, аудан намысын қорғаған жас спортшылар жарыстың жеңімпазы атанды.

Дүбірлі доданың жабылу салтанатына аудан әкімі М.Ергешбаев, аудандық мәслихат хатшысы­ Е.Әжікенов, қайраткер тұлғаның ұрпақтары қа­тыс­ты. Құрметті меймандар еліміздің, оның ішінде, өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, елеулі еңбек еткен Елеу Көшербаевтың өнегелі істерін айтып, есімін мәңгі етуде осындай игі іс-шаралардың септігі мол екенін жеткізді. Және де турнирде же­ңіске жеткен командаларды марапаттады.

Турнир қорытындысы бойынша Сырдария ау­да­­ны­ның волейболшылары жеңіс тұғы­рынан кө­рінді. Оларды жарысқа дайындаған білікті жаттық­ты­ру­­­шылар – Болат Рысмаханов пен Айбек Сейпулов. Екінші орынды Жетісу командасы иеленсе, үшінші орынды Түлкібас ауданының жас волейболшылары еншіледі, сондай-ақ төртінші орын Шымкент қаласының командасына бұйырды.

Осы жарыс барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар да марапат тұғырына шық­ты. Атап айтқанда, сырдариялық Ержігіт Ай­бек­ұлы халықаралық тур­нирдің «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар, Түлкібас командасының ойыншысы Қуат Нұр­жігіт «Үздік шабуылшы», жетісулық Мәлік Мадияр «Үздік қорғаушы», шым­кенттік Қадырбек Ғани мен сырдариялық Ерсұлтан Зұлхарнаев «Үздік үйлестіруші» номинациясына лайық деп танылды. Оған қоса тартысты доданың өтуіне атсалысқан қазалылық Ғазиз Тұлғабаев «Үздік төреші» номинациясымен марапатталды.

Дүбірлі додада жеңіске жеткен жүлдегер ко­ман­­даларға қаржылай және естелік сыйлықтар, медальдар мен дипломдар табысталды.
Ердос БЕРКІНБАЕВ
27 қыркүйек 2022 ж. 497 0