Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық турнир жалауын көтерді

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Бүгін аудан орталығы – Тереңөзек кен­тінде Сыр өңі­ріне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты ес­ке алуға арналған халықаралық турнир өз жалауын көтереді. Биыл 23-рет өткі­зілгелі жатқан турнир бүгінде волейболшылар асыға күтетін байрақты бәсекеге айналды.

Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлі­мінің мәліметінше, халықаралық турнирге биыл жалпы са­ны 15-тен аса команда, 200-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде, көршілес Ресей секілді ірі мемлекеттің де спортшылары бар. Бірнеше топқа бөлініп, 21-25 қыркүйек күндерінде өзара сынға түсетін спортшылар бүгінде ауданға орналасып, жарысқа дайындықтарын бастап кетті.

Айта кету керек, бүгін турнирдің ашылу салтанаты өтеді. Ұйымдастыру комитеті ау­данның еңбек ардагерлерін, зиялы қауым өкілдерін және спортсүйер қауымды халықаралық турнирді тамашалауға, спортшыларға жанкүйер болуға шақырады.

Халықаралық турнир жеңімпаздары бағалы сыйлық­тар­мен, медальдармен марапатталады.


«Тт» ақпарат»
21 қыркүйек 2022 ж. 57 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам