Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы үштікке енді

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы үштікке енді

Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үшінші орынға көтерілді. Олимпиада Үндістанның Ченнае қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Қазақстан тоғызыншы турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңген соң көшбасшылар кестесінде үшінші орынға көтерілді. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева өз партияларын жеңсе, Бибісара Асаубаева мен Кесения Балабаева тең түсті. Осылайша командада жеті жеңіс, бір тең ойын мен бір жеңіліс бар. Бұған дейін қазақстандықтар турнир кестесінде алтыншы орында болған. 

Ерлер құрамасы Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді. Мұртас Қажғалиев пен Арыстанбек Оразаев тең түссе, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүйлейменов жеңіліп қалды. Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі үшінші жеңілісі болды. Матчқа дейін 12-орында болса, қазір 25-орынға түсіп қалды. 

Тоғызыншы турдан кейін әйелдер арасындағы жарыс кестесінде бірінші орында Польша, екінші орында Үндістан тұр. Ерлер арасында көш басында Өзбекстан, екінші орында Үндістан, үшінші орында Армения тұр.

8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанмен, ал ерлер Хорватиямен ойнайды. 
08 тамыз 2022 ж. 387 0