2018 жылғы "Қазақстан Барысы" белгілі болды
Елордада осымен сегізінші рет өткен «Қазақстан Барысы» турнирінде Ержан Шынкеев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Барыс Арена» мұз сарайында өткен беделді бәсекеге еліміздің 14 облысы, Алматы және Астана қалаларынан және әскерилер арасында іріктеуден өткен 37 (екі балуан жақында Шымкент қаласынан қосылып отыр) үздік балуан қатысты. Оның ішінде былтырғы турнирдің жеңімпазы қатысушылар сапына іріктеусіз қосылды. Тартысты белдесу жеті сағатқа созылды.
Турнир «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көрсетілді.
2018 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлде қоры да қомақты. Әр белдесудегі жеңіс үшін балуандар 100 мың теңгені қанжығасына байлады.
III орын иегері Айбек Нұғымаров қола белбеу мен 1,8 млн теңгеге ие болды , ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталды. Ал ІІ орынға иегері Ерасыл Қажыбай күміс белбеу мен 5,5 миллион теңге иеленсе, оның бапкеріне 1,8 млн теңге берілді. Турнирде топ жарған Ержан Шынкеевке 25 млн теңге мен
алтын белбеу, алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталды. Ал оның бапкері 3,5 млн теңгеге ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдан бастап «Қазақстан Барысы» атағын Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев жеңіп алған болатын.
Пікір 2