Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Чемпиондық атағын қорғайды

Чемпиондық атағын қорғайды

Жартылай орта салмақта IBO тұжы­рымы бойынша әлем чемпионы қазақ­стан­дық Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін маусым айында өткізетін болды, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Тriller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кеші 25 маусымда АҚШ-та өтеді. Отандасымыздың қарсыласы – украиналық Иван Голуб (20-1, 15 КО). Тартысты бәсеке 12 раундқа жоспарланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша Данияр Елеусінов бұл жекпе-жекте өзіне тиесілі IBO белбеуін алғаш рет қорғамақ.

Естеріңізде болса, Д.Елеусінов былтыр желтоқсан айында елордада өткен бокс кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалдан (15-1) ұпай санымен басым түсіп, IBO белдігін жеңіп алған еді. 2018 жылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келе жатқан отандасымыз бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның барлығын жеңіспен аяқтаған. Алты қарсыласынан мерзімінен бұрын басым түскен.
16 мамыр 2022 ж. 359 0