Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортшы Фараби Сауытбаев әлем чемпионы атанды

Спортшы Фараби Сауытбаев әлем чемпионы атанды

Фараби Болатұлы екінші мәрте әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

22-25 желтоқсан күндері аралығында Сербия мемлекетінің астанасы Белград қаласында өткен әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер мектебінің әмбебап жекпе-жек бөлімшесінің жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Фараби Сауытбаев финалдық жекпе-жекте Ресей құрамасының спортшысынан басым түсіп екінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Атап өту қажет, жерлесіміз бұған дейін 2019 жылы Ресей Федерациясы, Анапа қаласында Әмбебап жекпе-жегі және пышақ лақтырудан ересектер арасында өткен Әлем чемпионатына қатысып 60кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын.

Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» (грэпплингтен), Әмбебап жекпе-жек және пышақ лақтырудан ҚР-ның «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», жеңімпаз спортшымыз бүгінде Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің әмбебап жекпе-жегі бөлімшесінде жаттықтырушы болып абыройлы қызмет жасап келеді.

Бүгінде спорт шебері бапкерлік карерасында ауданымыздың жасөспірім спортшылары арасынан онға жуық ҚР чемпиондарын тәрбиелеп шығарған.
26 желтоқсан 2021 ж. 284 0