Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшы Данияр Елеусінов үшінші айқасын жеңіспен аяқтады

Боксшы Данияр Елеусінов үшінші айқасын жеңіспен аяқтады


Боксшы Данияр Елеусінов өзінің үшінші айқасын сәтті өткізді. Ол Кардиффтегі Ice Arena Wales-те 6 раундық айқаста өзінің венгрлық қарсыласы Габор Горбичті жеңді, деп хабарлайды Stan.kz.

Боксшылар барлық қашықтықты нокдаундсыз өтті, алайда бүкіл раундта Елеусінов мықтылығын көрсетіп отырды. Нәтиже бойынша Данияр 60-54 ұпаймен жеңді.
Сонымен қатар, бесінші раундта қазақстандық боксшының оң жақ қабағы жыртылғанына қарамастан, ол айқастың соңына дейін шыдады.
05 тамыз 2018 ж. 753 0