Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Алматыдағы бокс кеші: Қамшыбек Қоңқабаев британиялық қарсыласын жеңді

Алматыдағы бокс кеші: Қамшыбек Қоңқабаев британиялық қарсыласын жеңді

Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде басты кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасқан болатын. Крузервейттегі жекпе-жекте қарсыластар бос тұрған WBA Gold чемпиондық атағы үшін сайысқа түсті.

Кездесу 12 раундқа есептелген. Алайда, ол аяғына дейін жетпеді. Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды. Уорд алған жарақатына сайысты жалғастыра алмады. Бесінші раундта төреші британиялық боксшының нокдаунға түскенін көрсетті.

Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы карьерасында 4-ші жеңісіне (тұртіншісін нокаутпен) қол жеткізді. Ол WBA Gold чемпиондық белдігін жеңіп алды. Стивен Уорд болса, кәсіби рингте екінші рет жеңілді.
12 желтоқсан 2021 ж. 297 0