Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қамшыбек Қоңқабаев профи бокста екінші рет жеңіске жетті

Қамшыбек Қоңқабаев профи бокста екінші рет жеңіске жетті

Қызылордалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол украиналық Сергей Радченкомен (7-6, 2 КО) қолғап түйістірді.

Супер ауыр салмақтағы айқас сегіз раунд деп белгіленген болатын. Бірақ ол төрт раундтан кейін тоқтады. Себебі, төртінші раундта Радченко нокдаунға түсіп қалды. Сондықтан жекпе-жекті әрмен қарай жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

Бұл – Қамшыбектің кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі. Екеуін де нокаутпен ұтқан.
19 желтоқсан 2020 ж. 640 0