Болашақ чемпион – Әлихан Балғабай
Ауданда жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысы жоғары. Содан болса керек, олар дүбірлі додаларда аудан емерйін үстем етіп, жақсы нәтиже көрсетуде. Солардың бірі – жас әрі талантты спортшы, болашақ чемпион Әлихан Балғабай.
Әлихан – аудандағы көрікті де іргелі Кеңес Одағының батыры Н.Ілиясов атындағы ауылдың тумасы. Қазір үшінші сыныпта оқиды. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен әкесі Ғабит Қайрақбаев ұлын спорт кешеніне апарып, спорттың панкратион және грэпплинг түрлерімен шұғылдануға береді. Жалпы, бұл қандай спорт түрі дейтін болсақ, қойын-қолтық ұрыстың немесе жекпе-жектің бір түрі.
Әлихан – аудандағы көрікті де іргелі Кеңес Одағының батыры Н.Ілиясов атындағы ауылдың тумасы. Қазір үшінші сыныпта оқиды. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен әкесі Ғабит Қайрақбаев ұлын спорт кешеніне апарып, спорттың панкратион және грэпплинг түрлерімен шұғылдануға береді. Жалпы, бұл қандай спорт түрі дейтін болсақ, қойын-қолтық ұрыстың немесе жекпе-жектің бір түрі.
– Бұл спорт түрінен үйірме ауылда 2015 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Басында оқушылар саны аз болатын, қазір ауыл жастарының бетбұрысы жақсы. Бүгінде 46 шәкірт тәрбиелеудемін, барлығының ынта-жігері мықты. Әрқайсысы болашақ чемпиондар десем артық айтқандық емес. Өзім былтырдан бері спорттың осы түрінен шәкірт тәрбиелеудемін. Бұрын негізі ережесіз жекпе-жекпен біраз уақыт айналысып, шәкірт тәрбиелегенмін. Менің шәкірттерімнің барлығы келешекте мықты чемпиондар болатынына сенемін. Ал Әлиханға келер болсақ ол жас та болса еңбекқор. Мені Әлиханның жеңіске деген құлшынысы қуантады. Әр жарысқа барған сайын алға қарай ұмтылып, «Ағай, тағы да жеңіске жетемін» деп өзін қамшылап отырады. Бұл оның спортқа деген, жеңіске деген талпынысы деп білемін, – дейді бапкері Бағлан Мығымбаев.
Жас спортшы – отбасында төрт баланың екіншісі. Әкесі Ғабит Қайрақбаев – ауылдағы зауыттың меңгерушісі, ал анасы Әлия Ержанова мейірбике болып қызмет атқарады. Әлихан жақында Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен грэпплингтен өткен ашық біріншілікте 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында 25 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды. Бұл болашақ чемпионның алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін де Әлихан бірнеше мәрте жарыстарға барып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Айта кетерлігі, жас спортшының бокстан да алған жүлдесі бар. Сонымен қатар Әлихан сабақты да жақсы оқиды. Бұл болашақ чемпионның жан-жақты дамығанының бір дәлелі.
Баланың жан-жақты дамуы ата-ананың тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне тікелей байланысты. Егер ата-ана баламен үнемі жұмыс жасап, оның тұлға болып қалыптасуына көңіл бөлсе, бала келешекте оқудан да спорттан да жақсы нәтижелерге қол жеткізері анық. Әлиханның ата-анасы балаларының дамуы жолында үлкен жұмыстар атқаруда. Бұлай дейтініміз, үйдің үлкені Ханшайым – қазір жетінші сынып оқушысы. Оқу озаты, домбыра және ағылшын тілі үйірмесіне барады. Әлихан аптасына бес күн спорттық үйірмеге қатысады. Інісі Нұрислам сабақты жақсы оқиды. Ол ағасының ізін жалғап, мықты спортшы болуды армандап жүр. Кенжесі Айбибі – бір жастан асқан бүлдіршін. Жақында ғана облыстық біріншілікте жеңімпаз атанған жас спортшы Әлихан алда талай жарыстарға барып жүлделі орындар алатынына сенеміз. Болашақ чемпионға жеңістің тұғырынан көріне бер демекпіз.
Айдана ҚАЛИЕВА