Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жүгіруден жарыс

Жүгіруден жарыс

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қордың (төрағасы Ғ.Болғанбаев) ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында 30 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс өткізді.

Ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылған бұл сайыс тартысты бәсекеге құрылды. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" дегендей ерлер арасында Ербол Назаров алдына жан салмады. Сөйтіп жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Әлімжан Қазан, үшінші орынды Ербол Жақсылық иеленді.

Қыздар арасында бірінші орынды Мақпал Қалекеева жеңіп алса, екінші орынды Айзат Көбегенова, ал үшінші орынды Кенже Үсен иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға көтерме және ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
30 қазан 2020 ж. 712 0