Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кабананганы жоғалтқанымыз қиын болды – Станимир Стойлов

Кабананганы жоғалтқанымыз қиын болды – Станимир Стойлов


«Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов 15 ақпанда «Спортингке» қарсы матч алдында журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ертең Қазақстан футболы үшін маңызды күн. Команда жақсы жұмыс істеуге тырысты. Ертең жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймын. «Спортинг» мықты команда, құрметпен қараймын. «Спортингтің» соңғы екі-үш жылда деңгейі көтерілді. Ойынды кез келген сәтінде шешіп кететін ойыншылары бар», - деді ол.
Бас бапкер Кабананганың орнын толықтыратын футболшының кім екенін айтты.
«Кабананганы жоғалтқанымыз өте өкінішті. Әсіресе, Еуропа Кубогы кезінде. Сол секілді бізде тәжірибелі Джордже Деспотович бар. Жаттықтырушылар оған сенеді, қалай ойнайды, көреміз. Өз деңгейімізде ойнаймыз. Өз алаңымыз болғаны біз үшін жақсы», - деді Станимир Стойлов.
Ол трансферлік өзгерістер туралы сұрақтарды әзірге талқылағысы келмейтінін айтты. Қазіргі басты сұрақ - ертең қандай ойын көрсететінімізде дейді ол.
Назерке Абибулла
14 ақпан 2018 ж. 751 0