Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ

БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ

Еліміз үшін тағы да бір тарихи кезең жақындап келеді. Енді бір айдан астам уақыт ішінде мемлекетіміздің жаңа Президентін сайлайтын боламыз. Бұл саяси маңызы зор мәлімдемені ел Президенті жариялады және өте дұрыс, әрі дер кезінде жасалған қадам екенін жақсы білеміз.
Тәуелсіздігін алған қазақ елі өзінің Елбасын, Тұңғыш Президентін әрқашан мақтан тұтады. Оның лайықты еңбегін бағалайды. Қаншама қиын-қыстау заманда елдің еңсесін түсірмей, тың, әрі батыл бастамаларды көтерген де Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Бүгінде еліміз кісі қызығарлықтай өзгерді. Әлем елдерімен тереземіз теңесті. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, екі қолға бір жұмыс табылатын кезге жеттік. Қол қусырып отырған жан жоқ. Мұндай жағдайы бар жас мемлекетіміздің ендігі тағдыры да, келешегі де кемеңгер, болашақты тереңнен ойлайтын азаматтың қолында болуы тиіс. Сондықтан да әрбір қазақстандық өзінің үлесін лайықты қосатынына сенімдемін.

Ғ.ЖАҢАБАЕВА,
№37 орта мектеп директоры, Шаған ауылы
24 сәуір 2019 ж. 1 140 0