Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президентке жер мәселесін көтергені үшін ризамыз - Абылай Мырзаxметов

Президентке жер мәселесін көтергені үшін ризамыз - Абылай Мырзаxметов


Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына мыңдаған арыз-шағымдар түседі. Соның ішінде жерге қатысты арыздар аз емес, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Палата төрағасы Абылай Мырзаxметовтың айтуынша, Президенттің кешегі Жолдауында кәсіпкерлер үшін кедергісіз орта жасау жайы анық естілді. Әсіресе, жер мәселесі бойынша нақты шараларды атқару міндеті қойылды.
«Бізге де мыңдаған арыз-шағымдар түседі. Соның 15-20 проценті жер мәселесіне байланысты. Әсіресе, ауылды жерлерде қиын. Мәселен, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында шағын несиелер беріліп келеді. Ауылдағы азаматтарды бизнеске үйретуге қатысты нақты тапсырма бар. Біз оларды оқытып жатырмыз, несие беріп жатырмыз. Бірақ олар мал алғысы келеді, жер өңдегісі келеді. Ал жерге қолы жетпей жатады. Жергілікті әкімдіктер жерге қатысты ақпаратты ашық жарияламайды. Негізі, қалталы азаматтар мыңдаған жерді алып алған, не өзі өңдемейді, не өңдеймін дейтін басқа фермерлерге бермейді. Елбасы осы мәселені де қолға алу қажеттігін айтты. Сол үшін өз ризашылығымызды білдіреміз», - деді А.Мырзаxметов демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру аясында жер мәселесін де ретке келтіруді тапсырды.
«Бастықтар жерді алып алды да, түк істемейді. Астананың өзінде адамдар құрылыс салғысы келеді, жер жоқ дейді. Бірақ жер бар. Біреудікі екен. Кімдікі екенін таба алмайсың. Бәрін жасырып қойған. Бірақ прокуратура не үшін құрылды? Жер кімдікі екенін бүкіл елге жариялау қажет. Кім жасырып отыр? Аты-жөнін ашық айтыңдар. Міндетті түрде бастық болады. Бәлкім, осы залда да отырған шығар. Мен қарсы емеспін. Бірақ жерді алдың ба, пайдалану қажет. Агроөнеркәсіп саласында да солай. Жерді алады да, ештеңе істемейді», - деді Н.Назарбаев кешегі Жолдау кезінде.
Осы орайда Елбасы Қытайдағы ауыл шаруашылығы жерлерін таратудың тәжірибесін еске алды. Ол жақта жер телімін береді де, шаруалардың алған өніміне қарайды. Аз өнім алғандардың жері көп өнім алғандарға беріледі. Осыдан кейін Президент Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа жер мәселесін тексеріп шығуды жүктеді.  

inform.kz

06 қазан 2018 ж. 833 2

Гость JeaOrer от 20 ақпан 2019 23:54
Buy Amoxicillin 500mg Capsules Proscar Para El Pelo Propecia Cialis 5 Mg Effets Indesirables levitra pills online Lyrica Drug Interactions Buy Fluoxetine buy accutane isotretinoin online

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 07:00
Buy Accutane Uk Online Precio Comprar Propecia Finasteride Generico Viagra Rischio Infarto el viagra y el alcohol Achat Propecia En Ligne Lioresal Commander Levaquin Discount