Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҒЫТЫ АЙҚЫН, МҮМКІНДІГІ МОЛ

БАҒЫТЫ АЙҚЫН, МҮМКІНДІГІ МОЛ


Биыл аймақта жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы жарияланғаны белгілі. Осыған орай өңірде кәсіпкерлікті қолға алушылардың санын арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары да жасалды. Жыл басында басталған ауқымды шараның қолдауы ретінде ел Президентінің бес әлеуметтік бастамасы жарияланды. Халыққа арналған Үндеудің негізі өмір сүру сапасын арттыру мен қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Соның төртіншісі, «шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Бұл бастама жұмыссыздықты жойып, өзін-өзі еңбекпен қамтуды мақсат етеді. Ол үшін Елбасы атқарушы билікке неғұрлым жеңілдетілген несие беру, оның көздерін табу туралы нақты тапсырма берді. Таусылмайтын қағазбастылықтан арылып, неғұрлым тиімді тұстарын көбейту қажеттігі айтылды. Ағымдағы жылы мемлекет есебінен шағын несиеге бөлінетін қаржы көлемі 20 миллиардқа артып, жалпы сомасы 62 миллиард теңгеге жетеді. Мыңдаған адамдарға, «әсіресе ауыл-аймақтар үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді» деп айтқан Елбасы, қайткен күнде «екі қолға бір күрек табылатынын», ізденген, алдына мақсат қойған адамға мемлекет қолдау көрсететінін қадап айтудан шаршаған емес. Алдымен ел мүддесін ойлап, халықтың қамы үшін маңдай терін төккен Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы қарапайым халыққа ерекше қуаныш сыйлады. Елбасы айтқандай «Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек», деді. Ендеше, ел болып, ел бірлігін көздің қарашығындай сақтайық.

Б.ЖАНӘЛІ
27 наурыз 2018 ж. 904 0