Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Досаев Қазақстан халқының көбеюінің салдары туралы айтты

Досаев Қазақстан халқының көбеюінің салдары туралы айтты


Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев мәжіліс отырысында Қазақстандағы демографиялық жарылыстың салдары туралы әңгімеледі. Оның сөзінше, 2000-шы жылдардағы бэби-бум (демографиялық жарылыс, халықтың жылдам өсуі) салдары еңбек нарығында шиеленіс тудырады, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.



Мәжілісте сөз сөйлеген Досаев азаматтарды жұмыспен қамтудың негізгі қиындықтарын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта жұмыс күшінің сапасы мен біліктілігі, сондай-ақ мамандықтардың күнделікті өзгеруі немесе жоғалуы және жаңадан пайда болуы туралы жаңа талаптар пайда болады.

Сондай-ақ, ол өмір сүру ұзақтығының артуы еңбек нарығына 2000 жылдардың ортасында орын алған бэби-бум зардабын тудырады дейді.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешудің негізгі құралы – өнімді жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы болмақ.

Stan.kz
29 қыркүйек 2018 ж. 869 0