Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстың ең жоғары марапатын алды

Облыстың ең жоғары марапатын алды

Жақында облыс орталығында бірнеше іс-шара өтіп, Ұлыстың ұлы күні аясында әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Өңір жұртшылығы жаңадан жұмысын бастаған еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» және қайта салынған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсіміне куә болды. «Өнер орталығында» еліміздің жаңа Конституциясының қабылдануына орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Ең маңыздысы, жерлесіміз, аудандық сайлау комиссия­сы төрағасының орынбасары Гаухар Қонақбай «Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Аудан абыройын биіктеткен Гаухар Темір­бек­қызына облыстың ең жоғары марапатын аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев табыс­тады. Респуб­ликалық референдумды өткізуді аудан көлемінде жауап­кершілікпен атқара білген білікті маман құрмет төрінен көрінді.
– Бұл марапат – тек менің ғана еңбегімнің емес, ауданымыздағы сайлау жүйесінде аянбай қызмет етіп жүрген барша әріптестерімнің ортақ жетістігі. Референдум науқаны кезінде әрқайсыңыз жоғары жауапкершілік танытып, заң талаптарын сақтай отырып, өз мін­деттеріңізді адал әрі сапалы атқардыңыздар. Соның нәтижесінде маңызды саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел сенімін ақтай алдық деп есептеймін. Осы ретте, маған сенім біл­дірген облыс басшылығына, аудан әкімдігіне және әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз бен бір­лескен еңбектеріңіз – біз үшін үлкен күш. Алдағы уақытта да ел мүддесі жолында адал қызмет етіп, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға бар күш-жігерімді саламын. Айрықша құрмет – мен үшін жаңа белестерге жетелейтін үлкен сенім мен жауапкершіліктің белгісі, – деді Гаухар Темірбекқызы.
Гаухар Қонақбай алғашқы қызметтік жолын аудандық басылымнан бастаған. Қазіргі қызметіне дейін аудан әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы қызметін абыроймен ат­қарған. Бүгінде аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін жүйелі, тиянақты түрде атқаруда.
23 наурыз 2026 ж. 44 0