Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан ардагерлері Қызылорда қаласындағы жаңа нысандармен танысуда

Аудан ардагерлері Қызылорда қаласындағы жаңа нысандармен танысуда

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сырдария ауданынан ел ағалары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы делегация Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, жаңа нысандардың ашылуына қатысуда.

Бұл сапар - облыс орталығында жасалып жатқан игі жұмыстарды аудан көлемінде жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, өңірде атқарылып жатқан игі істерді елге жеткізу мақсатында ұйымдастырылуда.

Делегация құрамы соңғы жылдары облыс орталығында пайдалануға берілген Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы, "Сыр жұлдыздары" шығармашылық орталығы, "Достық үйі" ғимараты, Отбасы орталығы, «Анаға тағзым», «Келешек мектептері», «Kaysar Arena» стадионы, Өнер орталығы сынды жаңа нысандарды аралап, Құзыреттілік орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

19 наурыз 2026 ж. 520 0