Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов төрағалық ететін Партиялық бақылау комиссиясын күн тәртібінде негізгі төрт мәселе қаралды.

Бірінші мәселе «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Сырдария ауданы бойынша 2025 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы мен алдағы жоспарлар туралы аудан әкімі Б.Сәрменбаев баяндама жасап, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша ақпарат берді.

– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының ауданда орындалуы қатаң бақылауда. 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасының Сырдария ауданына жүктелген міндеттеріне 2025 жылға барлығы 48 шара белгіленген. 2025 жылдың 11 айында белгіленген 48 шараның 37 орындалды, 11-і орындалу үстінде. Оның ішінде, орындалмау қаупі бар шаралар саны – 6. Есепті кезеңде аудандағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11,9 млрд. теңге болып, 19,4 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі
24,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады. Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында 129 жоба бойынша 202,8 млн. теңге грант қаражаты берілді. Жол картасы аясында ағымдағы жылы Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасына облыстық бюджеттен 661,4 млн. теңге бөлініп, елді мекен табиғи газден қамтамасыз етілді. Ауданда электр желілерін тозу деңгейін 68 пайызға дейін түсіру межеленген. Бұл бағытта 2024 жылы Шаған ауылын электр желілерімен жабдықтау жұмыстары толық аяқталса, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны
490,5 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жүзеге асуда. Жол картасы аясында 2025 жылы
9,5 шақырым жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу және 15 шақырым елді мекендер көшелерін жөндеу жоспарланған. Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 982,3 млн. теңге қаржы бөлініп, аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэрапорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы және Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 13 көше жөндеуден өтті. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ауданда толық жүзеге асыруға жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдануда, – деді аудан әкімі.

Екінші мәселе бойынша Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдық округінің әкімдері халыққа берген уәделері бойынша есеп берді. Сонымен қатар аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б.Смайлов «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы 2025 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы туралы баяндама жасады. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының 2025 жылғы жұмыс қорытындысы және 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып болған соң Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов партияның сайлауалды бағдарламасы аясында және бюджеттен қаржы бөлініп салынып жатқан нысандарды, оның ішінде әлеуметтік нысандар мен жол құрылысы, тұрғындардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша партиялық бақылау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтты.

– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау, құрылысы жүріп жатқан нысандарға партиялық бақылау жасау, партиялық жобаларды жүзеге асыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Сондықтан Партиялық бақылау комиссиясы өз жұмысын алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Жұмыстардың сапалық мазмұнын арттыру керек. Бірде бір нысан партиялық бақылау жұмыстарынан тыс қалмауы қажет, – деп қорытындылады Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов.

14 желтоқсан 2025 ж. 259 0