Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті

Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу өткізді, деп жазады Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарына кіретініне назар аударды. Былтыр екіжақты тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтады.

Фото: Ақорда сайты
24 қыркүйек 2025 ж. 194 0