Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Akorda.kz.

Президент жеделхатта Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагері, Премьер-министрінің жауапты қызметтеріне табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.
23 қыркүйек 2024 ж. 413 0