Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы саласы – өңір экономикасының негізгі секторы

Ауыл шаруашылығы саласы – өңір экономикасының негізгі секторы

2025 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.

Биыл аудан диқандары 33 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, күтімге алды. Оның ішінде, күріш 19 950 гектарға егілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 175 гектар қосымша жер дайындалып, 780 отбасы бақша дақылдарын егіп, еңбектенуде. Оның ішінде, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, Асқар Тоқмағамбетов елді мекендеріндегі жастар бригадалары белсенділік танытуда.

Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өткен жылы 14 жоба (175,1 млн. теңге) жүзеге асырылса, биыл жылдың басында 9 жобаға 55,8 млн. теңге қаржы бөлініп, қолдау көрсетілді.

Аталған жобалар аясында 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

27 шілде 2025 ж. 140 0