Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа өзгерістер енгізіліп, бақылау күшейтілді

– Биылғы алты айда мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты арттыру, заң бұзушылықтарды болдырмау және жаңа заңнама талаптарын түсіндіру бағытында ауқымды жұмыстар атқардық. Әкімдіктер мен облыстық басқармалар мамандары үшін 55-ке жуық оқыту шарасы ұйымдастырылды, оның ішінде 200-ден астам маманның қатысуымен облыстық семинар-кеңес өткізілді. Астана қаласынан келген сарапшылардың қатысуымен өткен іс-шарада 250 маманға сертификат табысталды. Бұдан бөлек, тексеру комиссиясы және ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп, барлық аудандарда көшпелі семинарлар өткіздік. Мемлекеттік сатып алуларға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер бизнеске қолайлы жағдай жасап, отандық өндірушілерді қолдауға бағытталды. Мәселен, шарт бойынша төлем мерзімі қысқартылып, аванстық төлемдер көлемі артты. Біз үшін басты міндет - сатып алу процесін барынша ашық әрі тиімді ету, – деді Ғалымжан Маратұлы.
Өңірлік коммуникаицялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникаицялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникаицялар қызметі