Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы тағайындалды

Айнұр Амантайқызы 1974 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. Білімі: жоғары. Әр жылдары аудандық кірістер басқармасының жетекші маманы, бас маман, бөлім басшысы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев бөлім басшысының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, нақты тапсырмалар берді.