Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ауданда «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырысқа «AMANAT» партия­сы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нәлібаев, кеңес төраға­сының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінің өкілі Д.Шәріпбаев, облыстық мәслихат депутаттары Ә.Шаймағамбетов пен Ж.Ембергенов, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының пар­тиялық бақылау инспекторы Б.Танбаева қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есеп беру үшін кеңестің көшпелі отырысына Сырдария ауданының әкімі Б.Сәрменбаев, аудан прокуроры А.Кемалов және тиісті бөлім, мекеме басшылары шақырылды.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыс­тық филиа­лының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова сыбайлас жем­қор­лықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін айтып, бұл бағыт­та «AMANAT» партиясы тарапынан атқары­лып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар партияның облыстық филиа­лы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің негізгі міндеті мен мақсатына, атқарып жатқан жұмыстарының маңызына назар аударды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нәлі­баев көшпелі отырысқа қаты­су­шыларға күн тәртібін таныстырып, алдымен Сырдария ауданының әкімі Б.Сәрменбаев «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арнал­ған өңірлік сайлауалды бағдар­ламасының іске асыру жөніндегі Жол картасы туралы баяндама жасады.

– Жол картасында 2024 жылға Сырдария ауданына қатысты 45 шара белгіленген. Қазір жоспарланған 45 шараның 33-і толық орындалса, 8-і орындалу үстінде. Жыл қорытындысы бойынша Жол картасы аясында 4 шараның орындалмау қаупі туындау­да. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл 960 млн теңгенің 104 жобасын қаржыландыру жоспарланса, бүгін­гі күнге тек 92 млн теңгенің 9 жобасы қаржыландырылды. Сонымен қатар жұмыс­сыздық деңгейі бойынша белгіленген жос­пар 5 пайыз болса, бүгінгі күнге 5,1 пайыз­ды құрауда. Бұл көрсеткіш 2021-2025 жыл­дарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарында 5,1 пайыз мөлшерінде белгіленген. Мұнан бөлек «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру бойынша 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге бөлінген қаржыға сәйкес орындалуы 110 адамды құрады. Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларымен гранттар беру бойынша 152 жобаны қаржыландыру жос­парланса, қаржының тапшылығына байланысты бүгінгі күнге 205,3 млн теңгенің 139 жобасы қаржыландырылған.Ауданда «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырысқа «AMANAT» партия­сы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нәлібаев, кеңес төраға­сының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінің өкілі Д.Шәріпбаев, облыстық мәслихат депутаттары Ә.Шаймағамбетов пен Ж.Ембергенов, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының пар­тиялық бақылау инспекторы Б.Танбаева қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есеп беру үшін кеңестің көшпелі отырысына Сырдария ауданының әкімі Б.Сәрменбаев, аудан прокуроры А.Кемалов және тиісті бөлім, мекеме басшылары шақырылды.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыс­тық филиа­лының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова сыбайлас жем­қор­лықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін айтып, бұл бағыт­та «AMANAT» партиясы тарапынан атқары­лып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар партияның облыстық филиа­лы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің негізгі міндеті мен мақсатына, атқарып жатқан жұмыстарының маңызына назар аударды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нәлі­баев көшпелі отырысқа қаты­су­шыларға күн тәртібін таныстырып, алдымен Сырдария ауданының әкімі Б.Сәрменбаев «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арнал­ған өңірлік сайлауалды бағдар­ламасының іске асыру жөніндегі Жол картасы туралы баяндама жасады.

– Жол картасында 2024 жылға Сырдария ауданына қатысты 45 шара белгіленген. Қазір жоспарланған 45 шараның 33-і толық орындалса, 8-і орындалу үстінде. Жыл қорытындысы бойынша Жол картасы аясында 4 шараның орындалмау қаупі туындау­да. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл 960 млн теңгенің 104 жобасын қаржыландыру жоспарланса, бүгін­гі күнге тек 92 млн теңгенің 9 жобасы қаржыландырылды. Сонымен қатар жұмыс­сыздық деңгейі бойынша белгіленген жос­пар 5 пайыз болса, бүгінгі күнге 5,1 пайыз­ды құрауда. Бұл көрсеткіш 2021-2025 жыл­дарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарында 5,1 пайыз мөлшерінде белгіленген. Мұнан бөлек «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру бойынша 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге бөлінген қаржыға сәйкес орындалуы 110 адамды құрады. Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларымен гранттар беру бойынша 152 жобаны қаржыландыру жос­парланса, қаржының тапшылығына байланысты бүгінгі күнге 205,3 млн теңгенің 139 жобасы қаржыландырылған.

Аудан әкімдігімен аталған шара­лардың орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмауына орай, Жол картасына өзгерістер енгізу туралы салалық басқармаларға бірнеше рет ұсыныс берілді. Жыл қорытындысымен атал­ған шаралардың орындалмау қаупі туындауына байланысты, Жол картасына өзгерістер енгізуге ықпал жасауларыңызды сұраймын, – деді аудан басшысы.

Аудан әкімі сыбайлас жем­қор­лықты жою мен алдын алу ба­ғы­тында атқарылып жатқан жұ­мыстардың да есебін берді.

– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында №4 Үлгілік базалық бағыт іске қосылды. Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында жобалық карта әзірленді. Жобалық карта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық тәуе­келдерін ішкі талдау, заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлердің қыз­метін үйлестіру секілді бағыттарды қамтиды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шең­­берінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және ком­плаенс» тақырыбында біліктілік арттыру бойын­ша 28 мемлекеттік қызметші, «Документолог» платформасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы цифрлық білім беру онлайн курсынан 121 мемлекеттік қызметші оқудан өтіп, сертификатталды. Жыл басынан аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, жауапты мекеме басшыларының есебі тыңдалды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аясында барлығы 24 мем­лекеттік органдар мен оларға бағынысты квазимемлекеттік ұйым­дарының қызметтеріне ішкі талдау жүргізіліп, 72 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бүгінгі күнге анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелінің 55-і жойылып, 17-сі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл соңына дейін жойылатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы нормаларын сақтау жобасы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мұнан кейін аудан прокуроры А.Кемалов баяндама жасап, прокуратура органдары тарапынан қабыл­данған шаралар мен оның нәтижесі туралы айтты. Өз кезегінде Сыбайлас жемққорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, Қызылорда облысы бойын­ша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінің өкілі Д.Шәріпбаев комплаенс офицерлердің жұмысының тиімділігі, жергілікті атқарушы органдар жұмысындағы ашықтық пен жариялық қағидаты, адам құқық­тарының қорғалуы, мемлекеттік қыз­метшілердің этика нормаларын сақтауы жөнінде бірқатар ұсыныс айтты. Облыстық мәслихат депутаттары Ә.Шаймағамбетов пен Ж.Ембергенов заң үстемдігін қамтамасыз ету, бұған дейін жіберілген кемшіліктерден сабақ алу, қателіктерді жою мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасаудың маңыздығын жеткізді.

Кеңестің көшпелі отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойын­ша ұсыныс-пікірлер айтылды. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыс­тық филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова әр ұсыныс зерделеніп, маңыздылығына қарай республикалық кеңестің қарауына ұсынылатынын жеткізді. Сонымен қатар партияның жобаларының түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын айтып, Жол картасындағы әрбір шараның орын­далуы бақылауда тұрғанын еске салды.

Кеңестің көшпелі отырысын қо­ры­­тындылаған М.Нәлібаев күн тәр­ті­біндегі мәселелердің маңыз­дылығын, ұсыныстардың өзектілігін айтып, Жол картасында белгіленген шараларды орындау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу ортақ міндет екенін атап өтті.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
16 қараша 2024 ж. 80 0